Ең төменгі күнкөріс мөлшері орта есеппен 34 мың теңгеге жетті

0
598

Өңірлер бойынша салыстырсақ, ең жоғарғы күнкөріс мөлшері Маңғыстау облысында тіркелген – 39 мың 900 теңге.


Ең төменгі күнкөріс мөлшері орта есеппен 34 мың теңгеге жетті

ERNUR.KZ. Ең төменгі күнкөріс мөлшері орта есеппен 34 мың теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың шілде айынан 14%-ға жоғары. Дегенмен, инфляцияның өсуінен оның құны жоғалмақ. Ұлттық банктің дерегінше, қазір ол 7% шамасында тұр, деп жазады inbusiness.kz.

Коронадағдарыс кесірінен жыл соңында инфляция 9-11%-ға дейін барады деп күтілген. 34 мың теңгенің 55%-ы, яғни 18 мың 700 теңгесі азық-түлік себетіне, 15 мың 300 теңгесі тұрмыстық қажеттіліктер мен коммуналдық қызмет ақысын төлеуге жұмсалады деп есептелген.

Өңірлер бойынша салыстырсақ, ең жоғарғы күнкөріс мөлшері Маңғыстау облысында тіркелген – 39 мың 900 теңге. Жылдық өсім – 8,2% тең. Екінші орында Нұр-Сұлтан – 39 мың 500 теңге. Үштікті Алматы 37 мың 300 теңгемен түйіндейді. Ал аутсайдерлер қатарында Батыс Қазақстан, Жамбыл және Ақтөбе облыстары бар.