Еңбекақысы аз қазақстандықтар үшін салық мөлшері төмендетілмек

0
1 325

Бұл өзгеріс 2019 жылдың 1қаңтарынан бастап заңды күшіне енеді.


Еңбекақысы аз қазақстандықтар үшін салық мөлшері төмендетілмек

ERNUR.KZ. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбекақысы төмен қазақстандықтар үшін салық мөлшері төмендетілмек, деп жазады altaynews.kz.

Мұндай бастаманы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынды. Яғни, айлық табысы 25 АЕК-тен, яғни 60 мың теңгеден аспайтындар үшін салық мөлшері он есеге азайтылатын болды.

Осы норма көрсетілген заң Елбасының ұсынысынан кейін Парламентте қабылданып, оған Президент қол қойды. Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің мәлімдеуінше, бұл өзгеріс 2019 жылдың 1қаңтарынан бастап заңды күшіне енеді.

Салықты азайту арқылы екі миллионнан астам қазақстандықтың еңбекақысын өсіру көзделіп отыр, сондай-ақ, бұл жұмыс берушілерге ешқандай жүктеме түсірмейді. Ал жергілікті бюджетке салықтың орны республикалық бюджеттен өтеледі екен.