Енді қызметкерлеріне заңсыз артық жұмыс істеткен меморгандарға айыппұл салынады

0
582

Аталған ережені бұзғаны үшін алғаш рет ескерту жасалады.


Енді қызметкерлеріне заңсыз артық жұмыс істеткен меморгандарға айыппұл салынады

ERNUR.KZ. Қазақстанда 1 сәуірден бастап қызметкерлеріне заңсыз артық жұмыс істеткен мемлекеттік органдарға айыппұл салынады. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің елордалық департаментінің басшысы Әли Көмекбаев мәлімдеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Мемлекеттік органдарда заңсыз артық жұмыс үшін жауапкершілікті күшейтуге қатысты нормалар туралы айта келе, Әли Көмекбаев меморгандарға аталған ережені бұзғаны үшін алғаш рет ескерту жасалатынын, ал егер заңбұзушылық қайталанса, айыппұл салынатынын ескертті.

«1 сәуірден бастап жаңа ереже күшіне енеді – егер мемлекеттік қызметкер мәжбүрлі түрде артық жұмыс істесе, айыппұл қарастырылады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген өзгеріске сәйкес, енді мемлекеттік органдарға заң бұзғаны үшін 89-бап бойынша әкімшілік жауапкершілікті қарастырады. Алғаш рет ескерту жасалып, тағы бұзған жағдайда айыппұл салынады», - деді Әли Көмекбаев.

Оның айтуынша, жауапкершілікті қарайтын уәкілетті орган ретінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен оның аумақтық бөлімшелері тағайындалды.

Тиісті түзетулерді жақында Сенат депутаттары екі оқылымда мақұлдап, Мемлекет басшысына қол қоюға жіберді.

Құжатта басқалармен қатар келісімшарт бойынша жұмыс істейтін қызметкерлер институтын енгізу және саяси мемлекеттік қызметшілерді сенімсіздікке байланысты жұмыстан босату негіздері қарастырылған.