Енді мекенжай анықтамасы берілмейді: ІІМ жауап берді

0
2 263

ІІМ өз мәліметтер базасын өзге мемлекеттік органдармен біріктірді.


Енді мекенжай анықтамасы берілмейді: ІІМ жауап берді

ERNUR.KZ. Қазақстандықтарға енді мекенжай анықтамасын алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарына барудың қажеті жоқ. ІІМ мәлімдегендей, енді бұл құжатты электронды форматта алуға болады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"ІІМ өз мәліметтер базасын өзге мемлекеттік органдармен біріктірді, соның арқасында халыққа мемлекеттік қызмет көрсету механизмі жеңілдеді. Атап айтқанда, мекенжай анықтамасы енді берілмейді, себебі бұл мәліметтер барлық мемлекеттік органдардың базасында бар.

Қағазбастылықтан арылу және мемлекеттік қызметті алу уақытын қысқарту мақсатында мекенжай анықтамасы енді талап етілмейді", – делінген ведомство хабарламасында.