Енді өз еркімен сайлауға түсу жоқ

0
1 448

Егер кандидаттардың ешбірі жеңіске қажетті дауысты жинай алмаса, өзгелерден артық дауыс жинаған екі кандидат қайта сайлауға түседі.


Енді өз еркімен сайлауға түсу жоқ

ERNUR.KZ. ҚР президенттігіне кандидатқа қойылатын талаптар өзгертілді. 2017 жылы "Сайлау туралы" заңға түзетулер енгізілген соң кандидатқа қойылатын талап күшейтілді – үміткердің өзін өзі ұсынуына тыйым салынды, деп жазады Qamshy.kz.

Қазақстан президенттілігіне кімдер үміткер бола алады?

— Тумысынан қазақ азаматы

— 40 жасқа толған

— Қазақстанда соңғы 15 жыл бойы тұратын

— Кемінде 5 жыл мемлекеттік қызмет атқарған

Президенттікке кандидатты кімдер ұсына алады?

2017 жылдан бастап тек Республикалық қоғамдық бірлестік:- саяси партия, - үкіметтік емес ұйым ұсынады

Өзін-өзі ұсынуға болмайды

Орталық сайлау комиссиясы тіркегенге дейін үміткер мыналарды тапсыруға міндетті:

— Кандидатты ұсыну туралы қоғамдық бірлестік жиыны хаттамасының көшірмесі

— Медициналық тексеру қортындысы

— Сайлау жарнасы: 2 125 000 теңге (шамамен $5622, $1 =378

Егер кандидат:

— президент болып сайланса

— сайлаушылардың кемінде 5 пайызы оған дауыс берсе

— қайтыс болған жағдайда

сайлау жарнасы қайтарылып беріледі

— Табысы мен мүлкі туралы декларация

— Кандидат өзін қолдайтын сайлаушылардан кемінде 91010 қол жинап өткізуге

— Мемлекеттік тілді (қазақ тілін) білетінін растайтын емтихан тапсыруға міндетті

(Егер билік өкілеті аяқталатын президент тағы да сайлауға түсіп жатса, ол емтихан тапсырмайды)

Егер азамат:

— ОСК талаптарына сай келмесе

— Құжатты белгіленген мерзімде тапсырмаса

— Заңды бұзса

1.сайлауалды үгітті кандидаттарды тіркеу аяқталмай тұрып, дауыс беруге бір күн қалғанда және дауыс беретін күні жүргізу,

2.Жалған мәліметтер беру, өзге кандидаттың ар-намысын қорлайтын ақпарат тарату,

3. Сайлаушыларды сатып алу) бұл оны тіркеуден бас тартуға негіз бола алады.

Президент сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың жартысынан астамы қолдау білдірген кандидат жеңіске жетеді. Егер кандидаттардың ешбірі жеңіске қажетті дауысты жинай алмаса, өзгелерден артық дауыс жинаған екі кандидат қайта сайлауға түседі.