Енді сапасыз интернет ұсынған байланыс операторлары абоненттің шығынын өтеп береді

0
524

Мусин министрліктің интернет сапасын жақсару үшін әзірлеген заң жобасында не барын түсіндіріп өтті.


Енді сапасыз интернет ұсынған байланыс операторлары абоненттің шығынын өтеп береді

ERNUR.KZ. Енді сапасыз интернет ұсынған байланыс операторлары абоненттің шығынын өтеп береді. Бұл туралы Мәжілісте өтіп жатқан «Үкімет сағатында» Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

Мусин министрліктің интернет сапасын жақсару үшін әзірлеген заң жобасында не барын түсіндіріп өтті.

Оның сөзінше, жаңа аудандарды, шағын аудандарды салуды жоспарлағанда базалық стансалар мен байланыс тіректерін орнату үшін аумақтарды резервтеу талап етіледі.

Сапасыз байланыс үшін байланыс операторына жауапкершілік жүктеледі. Дәлірек айтқанда, абоненттердің шығынын өтеу тетігі енгізіледі. Яғни қызмет толығымен жеткізілмеген болса, сапасы төмен екені анықталса, онда төлеген ақшасын қайтарып алу құқығын заңнамаға енгізуді ұсынып отырмыз, - деп айтты министр Мусин.

Бағдат Мусин атап өткендей, бұл заңға енгізілген төртінші норма.