Енді спортпен шұғылданатын оқушылар дене шынықтыру сабағынан босатылады

0
926

Білім және ғылым министрлігінің басшысы оқушылар мен олардың жаттықтырушылары жиі көтеріп жүрген мәселеге тоқталды.


Енді спортпен шұғылданатын оқушылар дене шынықтыру сабағынан босатылады

ERNUR.KZ. Енді спортпен шұғылданып оқушылар дене шынықтыру сабағынан босатылады. Бұл туралы Дүниежүзілік гимназиада – 2022 жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімінде Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

"Президент 1 000 мектеп салу бойынша тапсырма бергенін білесіздер. Енді осы мектептерді жаңа үлгіде салып жатырмыз. Соның ішінде осы мектептер бір емес, бірнеше спорт залдармен жабдықталады. Ол бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Сондай-ақ жаңа типтік жобалар дайындалып жатыр. Бұл да еліміздегі спортты дамыту үшін септігін тигізеді", - деді Асхат Аймағамбетов.

Сонымен қатар Білім және ғылым министрлігінің басшысы оқушылар мен олардың жаттықтырушылары жиі көтеріп жүрген мәселеге тоқталды.

"Бізде аптасына 3 сағат Дене шынықтыру сабағы өтеді. Енді күнде, тіпті аптасына 5-10 дайындалып жүрген оқушыларды, спортшыларды осы пәннен босату немесе ерікті түрде қатысуға қатысты ұсыныс болды. Бұл ұсынысты біз (министрлік – авт.) зерттедік, жан-жақты қарадық. Қазір тиісті заңнамаға өзгерістер енгізіліп жатыр. Енді күнделікті спортпен айналысып жүрген оқушыларға осындай мүмкіндік беріледі", - деп түсіндірді Асхат Аймағамбетов оқушыларды марапаттау рәсімінде.