Енді жүкті әйелдерден босанар алдында ПТР тест талап етілмейді

0
518

Жүкті әйелдерге серіктес болып кіретін адамдардан да ПТР талап етілмейді


Енді жүкті әйелдерден босанар алдында ПТР тест талап етілмейді

ERNUR.KZ. Бұл туралы карантинді жеңілдету тақырыбында өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлім етті, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекет басшысының елдегі эпидауахалды тұрақтандыру және карантинді жеңілдету туралы тапсырмасын орындады. Қазір шамамен күніне 100 жағдай тіркеледі. Бұл жақсы», - деді Ажар Ғиният.

Осыған байланысты, Ажар Ғинияттың айтуынша, коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия бірқатар карантиндік шараларды жойып отыр. Өйткені, Қазақстан мен оның барлық аймағы қазір «ықтимал жасыл» аймақта.

«Тұмау белгілері болмаса, жүкті әйелдерден, науқас балаларымен ауруханаға жататын адамдардан ПТР тест сұралмайды», - деп мәлім етті Ғиният.

Сонымен қатар, министрдің айтуынша, әскерге баратын, ауруханадағы туыстарына кіретін, жүкті әйелдерге серіктес болып кіретін адамдардан да енді ПТР тест талап етілмейді.