Ерлан Игісінов «Жетінші арнаның» бас директоры болып тағайындалды

0
740

Ерлан Игісінов еңбек өтілін 18 жасында радиохабар жүргізушісі болып бастады.


Ерлан Игісінов «Жетінші арнаның» бас директоры болып тағайындалды

ERNUR.KZ. Ерлан Құсманұлы Игісінов «Жетінші арнаның» бас директоры қызметіне тағайындалды, деп жазады 24.kz.

Ерлан Игісінов еңбек өтілін 18 жасында радиохабар жүргізушісі болып бастады. Кейін 2009 жылы «Хабар» телеарнасында «Бетпе-бет» бағдарламасын тікелей эфирде жүргізді.

Одан соң тәулік бойы ақпарат тарататын елдегі жалғыз «24КZ» телеарнасының шеф-редакторы, «Хабар» телеарнасының директоры қызметін аброймен атқарды. 2019 жылдан бастап бүгінге дейін, технологиялық ресурстар мен қызметтерді құруға маманданған Aitu-Dalа редакциясының жетекшісі қызметін атқарып келді.