Ертең ХҚКО мен арнайы ХҚКО жұмыс істемейді

0
375

19 желтоқсан дүйсенбі күнінен бастап Мемлекеттік корпорация әдеттегі кесте бойынша жұмыс істейді.


Ертең ХҚКО мен арнайы ХҚКО жұмыс істемейді

ERNUR.KZ. 16 желтоқсанда Тәуелсіздік күніне орай Қазақстанның ХҚО-лары мен арнайы ХҚО-лары жұмыс істемейді, деп жазады baq.kz.

17-18 желтоқсан демалыс күндеріне сәйкес келетіндіктен, ХҚО-лары жұмыс істемейді. Бұл ретте кезекші ХҚКО-лар мен арнайы ХҚКО-лар 17 желтоқсан сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейтінін атап өтеміз.

19 желтоқсан дүйсенбі күнінен бастап Мемлекеттік корпорация әдеттегі кесте бойынша жұмыс істейді.

Естеріңізге сала кетейік, дүйсенбі мен жұма аралығында ХҚКО-лар мен арнайы ХҚКО-лар 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Кезекші ХҚКО-лар мен арнайы ХҚКО-лар дүйсенбі мен жұма аралығында 9:00-ден 20:00-ге дейін және сенбі күні 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.