Ертіс ауданында рұқсатсыз аң аулаған 137 азамат жауапқа тартылды

0
1 284

Заңсыз балық аулаған 64 және рұқсатсыз аң аулаған 137 азамат жауапқа тартылды.


Ертіс ауданында рұқсатсыз аң аулаған 137 азамат жауапқа тартылды

ERNUR.KZ. Ертіс өңірінде жыл басынан бері табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 200-ден астам дерегі анықталды, деп жазады Хабар 24.

Заңсыз балық аулаған 64 және рұқсатсыз аң аулаған 137 азамат жауапқа тартылды. Әуесқой балықшылар бекіре тұқымдас балығын ұстаған. Мамандардың айтуынша, 1 келі балық үшін 100 АЕК көлемінде қаржылық шығын келеді. Браконьерлердің барлығы жауапқа тартылды. Тәртіп сақшылары заңсыз аң аулаумен айналысқан екі азаматты да ұстады. Олардың қолында болған қару ешбір жерде тіркелмепті.

Аслан Жапаров, облыстық полиция департаментінің аға инспекторы:

- Полиция қызметкерлері Павлодар ауданы Сычевка ауылының маңында екі азаматты ұстады. Олар бекіре тұқымдас балықтың 20 келісін аулаған. Әуесқой балықшылар қолданған құралдардың барлығы тәркіленді. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.