​«Ертіс» футболшыларын балағаттаған павлодарлық айыппұл төлейді

0
637

Сот «эмоциясын асыра сілтеп жіберген» жанкүйерге айыппұл салды.


​«Ертіс» футболшыларын балағаттаған павлодарлық айыппұл төлейді

ERNUR.KZ. Матч кезінде «Ертіс» футбол командасының ойыншыларына тіл тигізген Павлодар тұрғыны 8 мың теңге айыппұл төлейтін болды, деп жазады baq.kz.

Мамандандырылған әкімшілік сотта Орталық стадионда бұзақылық жасаған Павлодар тұрғынының ісі қаралды.

«Д. есімді азамат Орталық стадионда «Ертіс-Тобыл» командаларының ресми матчы кезінде «Ертіс» командасының ойыншыларын балағаттап, айналасындағы адамдарды құрметтемейтінін көрсетіп, бұзақылық жасады», - делінген Соттың хабарламасында.

Салдарынан сот «эмоциясын асыра сілтеп жіберген» жанкүйерге 8838 теңге айыппұл салды.

Сот қаулысы әлі күшіне енген жоқ.