Ержан Максим Польшада жеке концертін береді

0
1 084

Әншінің айтуынша концерт беретін күні әлі белгісіз.


Ержан Максим Польшада жеке концертін береді

ERNUR.KZ. Ел намысын әлем алдында қорғаған «Джуниор Еуровижн» байқауының екінші орын жүлдегері Ержан Максим Польшада жеке концерт бермек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы ол Алматыда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Әншінің айтуынша концерт беретін күні әлі белгісіз. Бірақ жеке өнер кешіне әрдайым дайын екендігін жасырмады. Ал дүбірлі додадан екінші орын алғанына еш өкінбейтінін, қайта жігерлене түскенін айтты. Ержанның арманы асқақ. Оған Польшадағы үлкен сахнада «Арманыңнан қалма» деп, ән шырқауы дәлел. Балалар ән байқауына 19 ел қатысқаны белгілі. Бірақ біздің өнерпаз өзге қатарластарына қарағанда оқ бойы озық өнер көрсете білді.