Ержан Максим ресейлік «Голос» шоуының жеңімпазы атанды

0
1 041

Жеңімпаздарға мүсінше мен миллион рубльден (5 млн 800 мың теңгеден аса) ақша берілді.


Ержан Максим ресейлік «Голос» шоуының жеңімпазы атанды

ERNUR.KZ. Кеше, 24 мамырда, Ресейде «Голос. Дети» шоуының арнайы шығарылымы өтті. Константин Эрнст алтыншы маусымның барлық финалисін жеңімпаз деп атады. Оның ішінде Ержан Максим мен Микелла Абрамова да бар, деп жазады Stan.kz.

Финалистердің барлығына мүсінше мен миллион рубльден (5 млн 800 мың теңгеден аса) ақша берілді.

«Ержан, ендігі сен Бірінші арнада ештеңе сатылмайтынын білесің!» - дейді Константин Эрнст.

Сонымен қатар ол шоудың арнайы шығарылымына қатысудан бас тартқан Алсудың қызы Микелла Абрамоваға сәлем жолдап, ойын айтты. Ол болған жағдайға қарамастан, Микелланың басқа да қатысушылар сияқты «Голос» шоуының отбасымен бірге қалатынан жеткізді.

Сөз соңында Константин Эрнст барлық ата-ананы балаларын сол қалпында, жеңсе де, жеңілсе де жақсы көруге шақырды.

Естеріңізге сала кетейік, Ержан Максимді "Голос. Дети" байқауының әділқазылары да қолдап, жеңіске жетуге лайық деп тапқан болатын. Алайда, Алсудың қызы Микелла Абрамованың жасанды жолмен дауыс жинауы қазақстандық жігітке жеңіске жетуге кедергі болған. Зерттеу нәтижелері бойынша Микелла Абрамованың жеңісі күшін жойған.