Ержан Максим тағы бір беделді Халықаралық байқауда Гран-ПРИ жүлдесін алды

0
457

Македонияның астанасы Скопье қаласында дарынды әнші - Ержан Максим "WAF CONTEST" бірінші Халықаралық байқауының Гран-ПРИ жүлдесін жеңіп алды.


Ержан Максим тағы бір беделді Халықаралық байқауда Гран-ПРИ жүлдесін алды

ERNUR.KZ. Ол өзінің жеңісін Қазақстанға, сондай-ақ Қазақ ұлттық өнер университетіне арнады, деп жазады inbusiness.kz.

ҚазҰӨУ хабарлауынша мектептің эстрадалық вокал бойынша 9А сынып оқушысы, Халықаралық денгейде танымал жас дарын - Ержан Максимнің кезекті беделді Халықаралық байқауда жеңіске жетуі Қазақ ұлттық өнер университетінің биылғы жылы тойланатын 25 жыл мерейтойына алғашқы сыйлық болды.

Македонияның астанасы Скопье қаласында дарынды әнші - Ержан Максим "WAF CONTEST" бірінші Халықаралық байқауының Гран-ПРИ жүлдесін жеңіп алды.

Ол сонымен қатар жыл сайынғы WAF AWARDS сертификатымен марапатталды.
Бұл екі жарысты Дүниежүзілік фестивальдар қауымдастығы өткізеді. WAF өткізген әр түрлі байқауларының белсенді қатысушылары жыл соңында марапатталады.

Бұл марапаттар дарынды жастардың жетістіктерін дәріптеуге арналып және олардың шығармашылығын қолдауға және насихаттауға бағытталған. Биылғы жылы WAF CONTEST байқауында Еуропа және Азияның 16 мемлекеттерінің, оның ішінде Қазақстан өкілдері де қатысқан жараста 32 қатысушы бақ сынады.