Есектің сүті кімге сатылып жүр?

0
1 367

"Есектің сүті қатерлі ісікке шипалы", дейді білгіштер.


Есектің сүті кімге сатылып жүр?

Иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Таразда есек байлап сүтін сатып отырған ферма бар. Бұл ақпарат шындыққа жанаса ма деген ақпаратты "Астана Times" қазанның 19 күні берген. Сол кезде тараздық атқамінерлер, "Көше-көшені аралап ферманы іздеп көреміз", деген уәде беріп еді, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Сарапшылардың айтуынша, "Есек сүті пайдалы", деген жансақ пікір. Оның құрамында тіпті, қатерлі ісік аурын қоздыратын зиянды элементтер бар көрінеді.

Әншейінде есекке келгенде, «Еңбегі адал, еті арам» дейтініміз бар. Бірақ мына видео тарағанда, түрлі диван сарапшылары, "Есектің сүті пайдалы", дегенді шығарды. "Қатерлі ісікке шипалы", дейді білгіштер. Алайда, ол нағыз фейк. "Есектің сүті ракты емдемейді, керісінше қоздырады, дейді сарапшылар. Оның сүтінде түрлі зиянды микробтар көп көрінеді.


Адам ағзасына неше түрлі микроб кіреді. Футоксин деген микроб болады. Адам денесіндегі барлық ауруды қоздырады, - дейді срапшы Қуандық Хонай.


Ал, фермадан түсірілген видео әлеуметтік желі арқылы тарап талай адамда шошытты. Әсіресе, "Бұл видео өзіміздің Тараздағы Киров көшесінде түсірілген", деген ақпарат елді дүрліктірді. Ал, бейнемен ілесіп жүрген аудио хабарламалар болса тұтынушыларды тіпті үркітті.

Қазнетті жарған видео қоғамда түрлі пікір тудырды. Дені, "Есек сауғандарды тауып жазалау", керек деп отыр.

Тараздағы шенеуніктер болса, Киров көшесінен ондай ферманың табылмағанын алға тартып отыр. "Бұл видео басқа елде түсірілген дейді, инспекторлар.


Есек асырау ол оңай шаруа емес. Біз іздемесек те ол ақырып-шақырады. Сондықтан оны айтып қояды адамдар. Бізде ондай мүмкін емес сізге гарантия берейін, - дейді ҚР АШМ Жамбыл облысы аумақтық ветеринариялық инспекциясының басшысы Жандар Қоекиев.


Ветеринарлық инспекцияның сөзіне қарағанда бұл бейне жазба басқа елде түсірілу мүмкін. Ал, қазақша сөздер видеоның үстінен салынған дейді, Қалай болғанымен мамандар дөп басып, нүкте қойған жоқ. Видеоны таратқан адамдар әлі іздестіріліп жатыр. Яғни, бұл тақырыпқа әлі оралуымыз мүмкін.