Есен Елеукен жаңа телеарна директорлығына тағайындалды

0
3 605

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап жаңа ойын-сауық арнасы Tamasha tv ашылады


Есен Елеукен жаңа телеарна директорлығына тағайындалды

фото: zakon.kz.

ERNUR.KZ. Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап жаңа ойын-сауық арнасы Tamasha tv ашылады, деп жазады zakon.kz.

Телеарна орта есеппен 22 сағат қосулы тұрады. Арнада телерадиокешеннің өз өнімдері көрсетіледі. Көрермен “Әзіл әлемі", "Жайдарман", "Хаха-шоу", "Әзіл man", "Көңілді тапқырлар алаңы", "Қызық екен" сияқты бағдарламалар мен мұрағаттағы танымал өнімдерді тамашалай алады.

"Жаңа телеарна отандық телевидениеде ойын-сауық бағдарламаларын көбейту мақсатында ашылды. Алдын ала жасалған сараптама осындай арнаға деген үлкен сұранысты көрсетті", – делінген корпорация xабарламасында.

Tamasha tv-дің директоры болып Есен Елеукен тағайындалды.