Есеңгіреп қалдық: Bek Air өкілдері неге үнсіз қалғандарын түсіндірді

0
858

Үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр Алматы маңында болған ұшақ апатына байланысты Bek Air тарапынан түсіндірме болмауына шүйліккен болатын.


Есеңгіреп қалдық: Bek Air өкілдері неге үнсіз қалғандарын түсіндірді

ERNUR.KZ. Bek Air компаниясының өкілдері ұшақ апатқа ұшыраған алғашқы күндері неге үнсіз болғандарын түсіндірді, деп жазады tengrinews.kz.

"Мен бұрындары (әуекомпаниясын - авт. түсіндірмесі) басқарғанмын, енді қайтып келуге тура келді. Алғашқы күндері есеңгіреп қалдық, сол себепті екі күн бойы эфирге шықпадық. Оқиға орнында болдық, үйінділерді тазартуға көмектесіп, жауап бердік", - деді Bek Air компаниясының басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов арнайы конференция кезінде.

Осыған дейін, Үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр Алматы маңында болған ұшақ апатына байланысты Bek Air тарапынан түсіндірме болмауына шүйлікті.

"Олардың БАҚ алдына шықпағаны іске жарамайды. Олар қаза тапқан жолаушылардың отбасына қандай көмек көрсетіліп жатқаны, ары қарай не істейтіндері туралы айтуы керек", - деді Скляр.

10 қарашадан бері әуекомпания 19 мың әуебилеттерін сатқанын айтты. Осыған дейін тоғыз мыңға жуық билет қайтарылды немесе басқа әуекомпаниясының рейстерін броньдаған.