Есеп комитеті жеңілдетілген несиені алып тастауды ұсынды

0
542

​Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрайымы Наталья Годунова Парламент палаталарының бірлескен отырысында жеңілдетілген несиені алып тастауды ұсынды.


Есеп комитеті жеңілдетілген несиені алып тастауды ұсынды

ERNUR.KZ. Оның сөзінше, бағдарламаға өте көп қаржы жұмсалып жатыр, деп жазады Экспресс К.

Годунованың сөзінше, елімізде кәсіпкерлерге салықтар бойынша 300-дей жеңілдік ұсынылып, нәтижесінде бюджет жылына 4 млрд 500 млн теңгеден қағылады.

"Жеңілдетілген несие емес, екінші дәрежелі банктерге ұзақ мерзімді несиелер бойынша субсидия берген дұрыс болар. Бұл өндіріс саласындағы мемлекеттік қолдауды бес есеге дейін өсіруге мүмкіндік береді", - дейді Годунова.

Годунованың сөзі тек ұсыныс екенін айта кеткен жөн.