"Ештеңе көрінбейді": Маңғыстауды шаңды дауыл басып қалды (видео)

0
1 232

ТЖД қала мен облыс тұрғындарына желдің күшеюін алдын ала ескерткен.


ERNUR.KZ. 26 тамыз күні Маңғыстау облысында қатты жел соғып, шаңды дауыл басып қалды, деп жазады kaz.nur.kz.

Облыстағы түрлі елді мекеннің тұрғындары әлеуметтік желілерде жантүршігерлік бейнероликтермен бөлісуде. Видеолардан ауадағы шаң мөлшері аса көп екенін бірден аңғаруға болады.

Анықталғандай, ТЖД қала мен облыс тұрғындарына желдің күшеюін алдын ала ескерткен.

Желдің уйытқу жылдамдығы секундына 15-20 метрді құрады.

Айта кетерлігі, Ақтаудағы халықаралық әуежай жұмысын штаттық режимде жалғастырды. Ауа райының қолайсыздығы ұшақтардың ұшуына кедергі келтірмеген.