Есік қаласындағы атыс: зардап шеккендердің бірі ауруханада қайтыс болды

0
537

Зардап шеккен тағы бірі жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр.


Есік қаласындағы атыс: зардап шеккендердің бірі ауруханада қайтыс болды

ERNUR.KZ. Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласында болған атыс кезінде жараланғандардың бірі ауруханада қайтыс болды, - деп жазады Tengrinews.kz.

Ақпаратты Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы растады.

"23 шілдеге қараған түні Есік қаласында орналасқан Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасына 1992 және 2004 жылы туған екі ер адам жеткізілді. Екеуінің де жағдайы өте ауыр болды, оқ тиген соң көптеген жарақат алған. Дәрігерлер шұғыл ота жасады, бірақ барлық күш-жігерге қарамастан ауруханаға түскендердің бірі бүгін түсте қайтыс болды", - деді Ләйлім Әубәкірова.

Зардап шеккен тағы бірі жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. Қазір дәрігерлер оның өмірі үшін қарқынды терапия арқылы күресіп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласында атыс болған. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктілерді анықтау және оларды ұстау бойынша жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.