Есіл өзеніндегі жасыл су тұрғындарды шошытты

0
775

Әлеуметтік желіде өзендегі жасыл судың видеосы пайда болды.


Есіл өзеніндегі жасыл су тұрғындарды шошытты

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтандағы Есіл өзеніндегі жасыл су қала тұрғындарын шошытты. Экология министрлігі астаналықтардың жазбасына пікір білдірді, деп жазады Tengrinews.kz.

Бұған дейін желіде өзендегі жасыл судың видеосы пайда болған. Кадр сыртындағы әйел адам: "Қараңыздар, қандай сұмдық. Бұл Кенесары ханның ескерткіші жанындағы жағалаудың бас жағы", - дейді.




Экология геология және табиғи ресурстар министрлігі желіде пайда болған видеоға байланысты мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы және зертханалық-аналитикалық бақылау бөлімінің бас маманы 31 шілдеде оқиға орнын тексеруге шыққанын айтты.

"Жұмыс барысында "Арқар" көпірінен Есілге құятын жағалаудағы Ақбұлақ жылғасы тексерілді. Есілдегі екі жерден: "Марал" көпірінің асты мен толық химиялық талдау үшін Есіл өзеніне Ақбұлақ жылғасының құйылу орнына дейін 300 метр жоғары жерден сынама үлгісы алынды. Есіл өзенінде табиғи емес жасыл түстің пайда болуына судың гүлденуі сияқты табиғи құбылыс себеп болуы мүмкін", - дейді министрлік өкілдері.

Судың гүлденуі - судың түсін жасыл (жасыл және көк жасыл балдырлар) және сары-қоңырдан (диатомдық) қызылға (динофлагеляттар) дейін өзгертетін фитопланктонның жаппай дамуы. Судың гүлденуі су қойманың оттектік режимінің нашарлауына апарып соқтырады. Судың гүлденуінің негізгі себептерінің біріне суқоймаға минералдық, әсіресе фосфорлы тыңайтқыштардың, синтетикалық жуғыш заттектер мен органикалық ластағыштардың түсуі жатады.
Министрлік өкілдері бұл мәселе департаменттің бақылауында болатынын және талдау нәтижелерін қосымша хабарлайтынын жеткізді.