Есіл өзеніне батып кеткен көліктен ер адамның денесі табылды (видео)

0
338

Жол талғамайтын көлікті судан трактордың көмегімен шығаруға тура келген.


Есіл өзеніне батып кеткен көліктен ер адамның денесі табылды (видео)

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысындағы Есіл өзіненінен суға батып кеткен көлік шығарылды. Көліктен ер адамның денесі табылды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Қайғылы оқиға Қызылжар ауданы Красный Яр ауылына жақын маңда болған. Суға батып кеткен жол талғамайтын көлікті трактордың көмегімен шығаруға тура келген.

Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Есіл өзеніне батып кеткен ішінде Петропавл тұрғынының денесі бар Toyota Surf көлігін судан шығару фактісі бойынша соталды «001» санатты тергеу жұмыстары басталды. Бірқатар сараптама жұмыстары тағайындалды. Соның қорытындысына қарай процессуалды шешім қабылданады», - делінген СҚО Полиция департаментінің хабарламасында.