​Есірткі сатқан Қостанай тұрғыны 15 жылға сотталуы мүмкін

0
989

Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.


​Есірткі сатқан Қостанай тұрғыны 15 жылға сотталуы мүмкін

ERNUR.KZ. Қостанай облысы Полиция департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел әзірлеме нәтижесінде Қостанай қаласында 48-жасар жергілікті тұрғын ұсталып, оның гаражынан героин алынды. 170 граммнан астам есірткі затының заңсыз айналымға түсуіне тосқауыл қойылды, деп жазады BAQ.KZ.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу» 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, жаза мерзімі мүлкін тәркілеумен 15 жылды құрайды.

Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Өткен жылы полиция қызметкерлері еліміз бойынша 7374 қылмыстық есірткі құқық бұзушылығын анықтады, оның ішінде 1359 есірткі өткізу фактісі. Заңсыз айналымнан 18 тонна есірткі алынды, оның ішінде 40 кг жуық героин.