"ЕСП" төлеудің жаңа қарапайым тәсілі пайда болды

0
948

Мемлекеттік кірістер комитетінің мобильдік қосымшасы арқылы төлем жасау үшін 100 теңге комиссия алынады.


иллюстрациялық фото

Бірыңғай жиынтық төлемді төлеуге ыңғайлы сервис іске қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

2020 жылдың 22 сәуірінен бастап eSalyq Салық әмияны мобильді қосымшасында бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) төлеу үшін ыңғайлы және қарапайым сервисін енгізді. Қосымшаны App Store және Play Market дүкендерінен жүктеуге болады.

Салық әмиянында БЖТ «Қазпочта» АҚ Интернет-эквайрингі арқылы 100 теңге банктік комиссиямен электрондық үкіметтің төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдан бастап жеке жұмыс істейтін барлық өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар бірыңғай жиынтық төлемді төлеуі керек (БЖТ).

БЖТ төрт міндетті төлем түрін біріктіреді:
  • жеке табыс салығы (ЖТС) ;
  • мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар;
  • БЖЗҚ-дағы зейнетақы төлемдері;
  • міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандыру қорына аударымдар.

Бір жолғы бірыңғай жиынтық төлемнің 2020 жылға арналған айлық мөлшері төмендегідей:

  • 1 АЕК (2 651 теңге) - республикалық маңызы бар қалаларда, астанада және облыстық маңызы бар қалаларда тұратындар үшін;
  • 0,5 АЕК (1 325,5 теңге) - басқа елді мекендерде тұратын жеке тұлғалар үшін.
БЖТ төлеушілер - жеке кәсіпкер ретінде тіркеусіз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, сонымен қатар келесі шарттарға сәйкес тұлғалар:
  • бірыңғай жиынтық төлемді төлеген;
  • жалданған қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын;
  • салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға қызмет көрсететін және (немесе) акцизделетін өнімдерді қоспағанда, тек салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға өз өндірісінің жеке қосалқы шаруашылығы ауылшаруашылық өнімдерін сататын.Бұл ретте, БЖТ төлеушілердің кіріс мөлшері 1175 АЕК-тен аспауы керек (2020 жылы - 3 114 925 теңге).
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған жеке тұлғаларға БЖТ төлеу:
  • міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуға;
  • зейнетақы жинақтарын жасауға және зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне байланысты базалық зейнетақы төлемін алуға құқық;
  • мүгедектік, жұмысынан айрылған, асыраушысынан айырылған, жүктілік және босанған, баланы асырап алған, 1 жасқа дейінгі бала күтімі болған жағдайларда, әлеуметтік жәрдемақы алуға мүмкіндіктерін береді.