Ет жемейді, зообақтарға бармайды: Жаңа экология министрі туралы не белгілі?

0
380

2023 жылдың 4 қаңтарында Зульфия Сүлейменова экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды.


Ет жемейді, зообақтарға бармайды: Жаңа экология министрі туралы не белгілі?

ERNUR.KZ. Зульфия Сүлейменова 1990 жылы 25 ақпанда Ақтөбе қаласында дүниеге келген, деп жазады tengrinews.kz.

Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде "Халықаралық қатынастар" мамандығы бойынша білім алған, бакалавриат және магистратура.

"Қауіпсіздік және халықаралық зерттеулер" бағдарламасы бойынша Жапонияның Ұлттық саяси зерттеулер институтында PhD дәрежесін алған.

2019 жылы Президенттік жастар кадрлық резервіне қабылданды.

2021 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың наурызына дейін Мәжіліс депутаты болды. Amanat (Nur Otan) партиясының партиялық тізімі бойынша сайланған.

2022 жылдың наурызында ол экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды.

2022 жылдың маусымында ол Жаһандық экологиялық қордың Қазақстанның ұлттық үйлестірушісі болды.

"Хабар 24" телеарнасындағы бағдарламалардың бірінде Зүлфия Сүлейменова ет жемейтінін, аң терісінен жасалған киімдерді кимейтінін, дельфинарийлер мен зообақтарға бармайтынын айтқан.

"Мен тері өнімдерін кимеймін, ет жемеймін. Жануарларға адамгершілікпен қарау адамнан, өзімізден басталуы керек деп есептеймін. Жануарларға сыналған косметиканы қолданбаймын, зообақтарға, дельфинарийлерге бармаймын, бұл менің жеке шешімім", - деді Зульфия Сүлейменова "Хабар 24" телеарнасы бағдарламаларының бірінде.

2023 жылдың 4 қаңтарында Зульфия Сүлейменова экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды.