ЭЦҚ-ны бөтен адамға заңсыз берген қазақстандықтарға айыппұл салынады

0
515

Соңғы кезде қазақстандықтар арасында ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаға беруге байланысты шағым көбейген.


ЭЦҚ-ны бөтен адамға заңсыз берген қазақстандықтарға айыппұл салынады

ERNUR.KZ. ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаға заңсыз берген қазақстандықтарға 400 мың теңге айыппұл салынады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіндегілер ескертті, деп жазады Tengrinews.kz.

Ведомство мәліметінше, соңғы кезде қазақстандықтар арасында ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаға беруге байланысты шағым көбейген. 2020 жылдың өзінде осындай 30 шақты дерек анықталған. Былтыр 50-ден аса әкімшілік іс тіркелген.

"ЭЦҚ адамның өзі қаламмен жазып, қол қойғанмен тең екенін және екеуінің заңды салдары болатынын есте сақтау керек. Өз қауіпсіздігіңді сақтап, алаяқтың құрбаны болмау үшін министрлік ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаға бермеуге кеңес береді. Оны жоғалтқан жағдайда бірден қайта жасату керек, сондай-ақ стандарт парольді одан күрделіге ауыстыру керек", - деді ведомство баспасөз қызметінің өкілі Нұржан Дүйсебай.