Еуразиялық банк Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккендердің несиелерін кешіре бастады

0
493

Облыс тұрғындарына қолдау ретінде банк "Қайырымдылық KZ" бірыңғай қорына қаржылай көмек аударды.


Еуразиялық банк Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккендердің несиелерін кешіре бастады

ERNUR.KZ. Қыркүйек айының басында Қостанай облысында ірі табиғи өрт болды. Оның аумағы шамамен 43 мың гектарды құрады. Өрт 91 тұрғын үйге залал келтірді. Осы орайда Еуразиялық банк өңір тұрғындарына қолдау көрсетуді ұйғарды, деп жазады stan.kz.

13 қыкүйектен бастап Еуразиялық банк Қостанай облысында өрттен зардап шеккен клиенттердің алғашқы үш несиесін кешірді.

"Осы өңірде белсенді жұмыс істеп жатқан банк ретінде біз табиғи апат кезінде үйлері толығымен өртенген клиенттердің бұрыннан бар несиелерін кешіруді бастадық. Жақын арада халықтың тұрмысы жақсарып, зардап шеккен ауылдар көптің көмегімен гүлдене түседі деген үміттеміз", — деді Еуразиялық банк басқармасының төрағасы Валентин Морозов.

Облыс тұрғындарына қолдау ретінде банк "Қайырымдылық KZ" бірыңғай қорына қаржылай көмек аударды.