ЕҰУ студенттері бірінші болып жоғары шәкіртақы алды

0
862

Бакалавриат студенттеріне арналған шәкіртақы 20 949 теңгеден 26 186 теңгеге өсті.


ЕҰУ студенттері бірінші болып жоғары шәкіртақы алды

ERNUR.KZ. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері бірінші болып жоғары шәкіртақы алды, деп жазады ҚазАқпарат.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жастар жылының жабылу салтанатында 2020 жылдың қаңтар айынан бастап студенттерге, магистранттарға және докторанттарға шәкіртақының 25%-ға артатынын жариялаған болатын.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 14 677 студенті жаңа жоғарылатылған төлемдерді бірінші болып алды (сәйкесінше, бакалавриатта оқитын студенттер саны - 10 275, магистратура – 2 795, докторантура - 997).

Бакалавриат студенттеріне арналған шәкіртақы 20 949 теңгеден 26 186 теңгеге, магистрлік бағдарламалар 53 530 теңгеден 66 913 теңгеге, докторантура 81 998 теңгеден 102 498 теңгеге дейін өсті.

Қазір Еуразия ұлттық университетінде 20 мыңдай студент оқыса, олардың 70 пайызы мемлекеттік білім гранты иегері.

«2019 жылдың қыркүйек айынан бастап профессор-оқытушылар құрамының жалақысы 50 пайыздан жоғары, ал ғылыми кітапхана қызметкерлерінің жалақысы 20% -ға көтерілгенін атап өткен жөн. Ал әкімшілік және сала қызметкерлерінің жалақысын биылғы жылдың 1 қаңтарынан 20% -ға арттыру көзделуде», делінген хабарламада.