​Фейсбукте Денсаулық сақтау министрінің көмекшісі пайда болды

0
1 023

парақша таңғы 9-дан кешкі 6-ға дейін жұмыс істейді, ал сұрақтарды тәулік бойы жіберуге болады.


​Фейсбукте Денсаулық сақтау министрінің көмекшісі пайда болды

ERNUR.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік желіде халықтың арыз-шағымын қабылдайтын парақша ашты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Министрдің көмекшісі» деп аталатын ресми парақшаға Фейсбук қолданушылары денсаулық сақтау жүйесіндегі шағымдар мен ұсыныстарын жібере алады.

«Қолданушылар парақшаға денсаулық сақтау жүйесіне қатысты жазба қалдырады немесе жариялылықты қаламайтындар жеке хабарлама жібере алады. Парақшаны төрт әкімші - Министрлік өкілі, Фармация комитеті, Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті және дәрі-дәрмек бойынша СҚ-Фармация өкілі жүргізеді. Олардың әрқайсысы өз бағыттары бойынша жауап береді. Өзекті сұрақтарға барынша тез жауап беруге тырысамыз», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Ернар Әкімқұлов.

Ресми өкілдің айтуынша, парақша таңғы 9-дан кешкі 6-ға дейін жұмыс істейді, ал сұрақтарды тәулік бойы жіберуге болады.