FlyArystan әуе компаниясы мүмкіндігі шектеулі азаматтан кешірім сұрады

0
537

Әуе компаниясының өкілдері мүгедектер арбасын жүкке өткізуге рұқсат бермей, мүмкіндігі шектеулі азаматтан арбаны бөлшектеуді талап еткен


FlyArystan әуе компаниясы мүмкіндігі шектеулі азаматтан кешірім сұрады

ERNUR.KZ. FlyArystan әуе компаниясының қызметкерлері бортқа мүгедектер арбасын өткізбегені үшін қазақстандық Нияз Сүндетәлиевтен кешірім сұрады. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Әуе компаниясы өз кінәсін толық мойындады және менен кешірім сұрады. Алматыда қалған мүгедектер арбасы жақында Қарағандыға ұшақпен жеткізіледі. Мен ваучерден, әуе компаниясының барлық ұсынысынан бас тарттым. Мен үшін мүмкіндігі шектеулі жандардың қиналмай ұшқаны, оларға әуежайда, ұшақ бортында көмек көрсетілуі және кез келген жағдайда бір тәуліктен кейін емес, мәселенің сол жерде шешілетініне сенімді болғаным маңызды. Барлығы тиісті қорытынды шығарып, кез келген жағдайда адам болып қалады деп сенемін», – деп жазды Нияз Сүндетәлиев.

Айта кетейік, FlyArystan компаниясының қызметкерлері жолаушының мүгедектер арбасын бортқа кіргізбей қойған болатын.