​FlyArystan Қарағандыдан Мәскеуге алғашқы сапарын орындады

0
486

A320 ұшағы орындайтын саяхат ұзақтығы 3,5 сағат құрамақ.


​FlyArystan Қарағандыдан Мәскеуге алғашқы  сапарын орындады

Отандық FlyArystan лоукостері Қарағандыдан Мәскеуге алғашқы сапарын орындады. Бұдан былай тұрақты рейстер Халықаралық Сары-Арқа әуежайынан мәскеулік Домодедово әуе айлағына аптасына бір рет орындалатын болады, деп жазады ERNUR.KZ.

A320 ұшағы орындайтын саяхат ұзақтығы 3,5 сағат құрамақ, біржақты билеттің минималды құны 34 999 теңгеден* басталады. Еліміздің солтүстік өңірі тұрғындарымен қатар, Ресейдің астанасына алматылықтар да тоғыспалы рейс арқылы жете алады.

Келесі жылдың наурыз айының соңына дейін орындалатын рейстерге билеттер сатылымы лоукостердің мобильдік қосымшасында немесе flyarystan.com сайтында қолжетімді. Ұшуды жоспарлау бөлімі басшысы Ренат Абулхановтың сөзінше, бюджетті әуетасымалдаушы Домодедово әуежайына жету мүмкіндігін ұсынып отырғанына қуанышты.
«Инфраструктурасы дамыған, қала орталығына дейін жеңіл жету мүмкіндіктері мол – такси, автобуспен қатар, жылдам аэроэкпресс жерүсті метросын пайдаланып, Мәскеуде уақытты тамаша әрі пайдалы өткізуге болады. Өз кезегімізде, біз екі ел саяхатшыларына одан да жиі, сонымен қатар кең бағдарлар кестесіне басқа да рейстерді қосу арқылы діттеген жерге қолжетімді бағаға жету мүмкіндігін ұсынуға әзір екендігімізді хабарлаймыз», - деп жоспарларымен бөлісті Ренат Абулханов.
Ресейдің елордасына орындалатын тұрақты рейстермен қатар, 180-орынды лайнерлер Нұр-Сұлтаннан Новосибирскке рейстерді орындап келеді. Ал жақын күндерден бастап Омбы шаһарына да ұшып баратын болады. Естеріңізге сала кетсек, бюджетті әуетасымалдаушы 2,5 жыл ішінде флотты 2 ұшақтан 10 дейін ұлғайып, 4,5 миллион жолаушыны тасымалдап үлгерген екен. Ал бүгінгі күні компания ұшақтары 46 бағыт бойынша қатынайды. Олардың ішінде халықаралық рейстер де бар - Қазақстаннан Ресейге, БАӘ, Грузия, Өзбекістан мен Қырғызстан елдеріне тікелей рейстер.
*Билет құны кездейсоқ орын мен 5 кг-нан (56*23*36 см) аспайтын бәр жана қолжүгін қамтиды.