FlyArystan Қазақстанның 8 қаласында жаңа тікелей рейстер ашты

0
545

Жолаушылар 180 адам сыятын Airbus A320 авиалайнерінде экономкласта ұшады.


FlyArystan Қазақстанның 8 қаласында жаңа тікелей рейстер ашты

ERNUR.KZ. Қазақстандық лоукостер жаңа аймақтық рейстер ашуды жоспарлап отыр, деп жазады Tengrinews.kz.

Әуекомпания ел ішінде сегіз жаңа бағыт ашады. Лоукостердің баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, олардың көбі бұрын отандық нарықта болмаған. 28 тамыздан бастап келесі бағыттар бойынша тікелей рейстер ашылады:

1. Қараганды - Шымкент - Қараганды,
2. Қараганды - Атырау - Қараганды,
3. Қараганды - Ақтау - Қараганды,
4. Атырау - Қостанай - Атырау,
5. Атырау - Қызылорда - Атырау,
6. Шымкент - Қостанай - Шымкент,
7. Шымкент - Өскемен - Шымкент,
8. Шымкент - Павлодар - Шымкент.

Жолаушылар 180 адам сыятын Airbus A320 авиалайнерінде экономкласта ұшады.