"Гарант 24 Ломбард" басшысы Аслан Мырзабеков ұсталды

0
960

Мырзабековті молдавиялық полицейлер қолға түсірді.


ERNUR.KZ. "Гарант 24 Ломбард" және "Выгодный займ" ЖШС басшысы Аслан Мырзабеков ұсталды, деп жазады tengrinews.kz.

Қазақстандық жедел уәкілдер "Гарант-24" ЖШС басшысы Аслан Мырзабековтің қалай қозғалғанын анықтады. Мәселен, 21 қаңтарда ол Ақтөбеден Орынборға шығып, одан әрі Мәскеуге ұшып, сол жерден пойызбен Кишинев қаласына аттанған.

Қазақстандық тараптың арнайы сұранысы бойынша Мырзабековті молдавиялық полицейлер қолға түсірді. Қазіргі уақытта оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр. Тиісті материалдар Молдова құзыретті органдарына жіберілетін болады.

Сондай-ақ, Ақтөбе облысында қаржылық пирамиданың басшысы ұсталып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ақтөбе облысы полиция департаменті "Выгодный займ" ЖШС жетекшісі Ж.Т. Есіркеповті ұстады. Ол тергеу изоляторына қамауға алынды. Ж.Т. Есіркепов 22 ақпаннан бастап ҚР Қылмыстық Кодексінің 217-бабы 3-бөлігі ("Қаржы пирамидаларын құру және басқару") қылмысын жасағаны үшін мемлекетаралық іздестіруде болды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ақтөбе облыстық полиция департаменті қаржы пирамидасынан зардап шеккен азаматтарды кез келген қалалық полиция бөліміне хабарласуларын сұрайды.