​Гарвард және үй шаруасы - Ерлан Сағадиев алдағы жоспарларымен бөлісті

0
1 736

Ерлан Сағадиев жаңа білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинованы білімді әрі тәжірибелі маман деп санайды.


​Гарвард және үй шаруасы - Ерлан Сағадиев алдағы жоспарларымен бөлісті

ERNUR.KZ. Бұрынғы білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев болашаққа деген жоспарын айтты, - деп жазады Tengrinews.kz.

"Бірінші әрі бастысы, мен Мемлекет басшысына маған сенім артқанына алғыс айтқым келеді. Бұл таңғаларлық үш жыл болды. Көптеген істер атқарылды, жақсы жұмыс істедік. Таяуда мақала оқыдым: не істелгені және не істелмегені туралы нақты баға берілген. Бірге жұмыс істеген адамдарға, осы үш жыл бойы бізге көмектескен адамдарға, үкіметте және Мәжіліс пен Сенаттағы әріптестерге түсіністікпен қарап, қолдағаны үшін алғыс айтқым келеді. Білім берудің болашағы, елдің қандай болатынын көрсетеді", - деді Ерлан Сағадиев Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Бұрынғы министр есте қаларлық сәт ретінде 1 маусымда елімізде өтетін балалар оркестрінің шеруін атап өтті.

"Атқарылған жұмыстың ішінде балалар шеруін мақтан тұтамын. Былтырдың өзінде өте әдемі және қызықты шерулер болды, олар біздің рухты көтеріп, біріктіріп, балаларымызды мақтан тұтуға медеу болады", - деді ол.

Экс-министр балалар оркестрі мен ансамбльдер шеруі дами береді деп үміттенеді.

Ерлан Сағадиев жаңа білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинованы білімді әрі тәжірибелі маман деп санайды.

"Менің ойымша, білім беру саласында ол менен мықты түсінеді деп ойлаймын. Бүгінде біздің мектеп жүйесінің прототипі саналатын Назарбаев Зияткерлік мектептерінің бастауында тұрған тұлға. Егер қажет болса, мен әрдайым көмектесуге дайынмын, бірақ БҒМ командасы қазір жұмыс істеуге қабілетті, прогрессив, өз ұстанымдарымызды қорғай алатын ұйым деп айта аламын", - деді Ерлан Сағадиев.

"Мен келесі жылға дейін өз ісіммен айналысуды жоспарлап отырмын. 2020 жылдың қаңтарында мен аяқтамаған Гарвардтың оқу бағдарламасы басталады. Осы уақытқа дейін үй шаруашылығын ретке келтіруді, мектепте оқитын балалармен айналысуды жоспарлап отырмын. Әдеттегі қалыпты жоспарлар", - деді бұрынғы білім және ғылым министрі.