Гауһар Әлімбекова өзін сотқа берген құрбысымен ел алдында құшақтасып татуласты (ВИДЕО)

0
3 854

Ақша үшін араздасқан құрбылар халық алдында татуласты.


Гауһар Әлімбекова өзін сотқа берген құрбысымен ел алдында құшақтасып татуласты (ВИДЕО)

ERNUR.KZ. Алматыда «Алаяқтық» бабымен істі болған Гауһар Әлімбекова өзін сотқа берген құрбысы Бақыт Назаровадан халық алдында кешірім сұрады. Ақша үшін араздасқан екі досты «Еуразия» арнасынан шығатын «Пендеміз ғой» бағдарламасы татуластырды, деп жазады sn.kz.

Студияда Әлімбекова «Мен кінәлі емеспін. Бірақ халық алдында кешірім сұраймын» десе, Назарова «Пендемін ғой. Пайғамбар емеспін. Менде де қателік бар шығар. Сен де мені кешір» деп құрбысын құшақтады.

Желі қолданушылары өнер иесіне қайырымдылық жасап, ешкімді алдамауға шақырып отыр.

Еске салайық, елімізге танымал әндердің авторы, әнші Гауһар Әлімбекова 2019 жылдың 30 қаңтарында алаяқтық үшін 6 жылға бас бостандығынан айрылған болатын. Көп ұзамай, әнші сот шешімі күшіне енгенше қолхатпен босатылған. Кейінірек әншінің адвокаты Жұмағали Зинелов істің мән-жайын айтып берген еді. Адвокат сот үкімімен келіспейтінін және таяу арада апелляциялық сотқа арыз түсіретінін мәлімдеген.