ГАЗель жүк көлігі түгі қалмай өртеніп кетті

0
1 220

Оның жүргізушісінің беті күйіп қалған.


ГАЗель жүк көлігі түгі қалмай өртеніп кетті

ERNUR.KZ. 22 сәуір күні сағат 11:39 Алматы қаласы ТЖД "101" пульт нөміріне қаланың Әуезов ауданында, Райымбек даңғылында орналасқан "KazMart-1" ЖШС аумағында тұрған ГАЗель автокөлігінің өртеніп жатқаны жайлы хабар түскен, деп жазады Zakon.kz.

"Жалын шарпыған аумақ 6 шаршы метрді құрап отыр. Өрт 11:50 ауыздықталып, 11:54 минутта толықтай сөндірілді. ТЖ нәтижесінде 1970 жылы туған жүргізушінің беті күйіп қалған. Жедел жәрдем бригадасының тексерісінен соң оған ауруханаға барудың қажеті болмаған" - деп хбарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруге Алматы қаласы ТЖД жеке құрамның 9 маманы мен 3 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.