​"Газпром" басшысы жол апатына түсті

0
916

Жол апаты әуежайдан қайтар жолда болған.


​

ERNUR.KZ. "Газпром" басшысы Алексей Миллер Кашир тас жолында жол апатына түсті, деп жазады Тengrinews.kz.

Телеарнаның мәліметінше, жол апаты әуежайдан қайтар жолда болған. Компания өкілі Сергей Куприяновтың айтуынша, Миллердің жағдайы жақсы.

"Ахуалында ешқандай мәселе жоқ", - деп мәлімдеді Сергей Куприянов.

Куприяновтың сөзіне қарағанда, жол апатын "кішігірім оқиға" деп сипаттауға болады.