Геннадий Головкиннің құрметіне Даңқ жұлдызы ашылды

0
834

Даңқ жұлдызын жеңіл атлетика шебері Дмитрий Карпов пен құрылыс компаниясының басқарма басшысы Айдос Мұқатаев ашты.


Геннадий Головкиннің құрметіне Даңқ жұлдызы ашылды

ERNUR.KZ. Қарағандыдағы триатлон-паркте Нью-Йоркте Сергей Деревянченконы жеңген Геннадий Головкиннің құрметіне даңқ жұлдызы пайда болды, деп жазады baq.kz.

Даңқ жұлдызын жеңіл атлетика шебері Дмитрий Карпов пен құрылыс компаниясының басқарма басшысы Айдос Мұқатаев ашты.

«Осы жексенбіде отандасымыз және жерлесіміз GGG теледидар алдына күллі қазақстандықтарды тағы жинап, жүрегімізді тебірентті. Қазақстан халқы тағы да жеңіс тойын тойлады. Гена IBF және IBO тұжырымдарының белбеулерін қайтарып алды. Дәл бүгін триатлон-паркте біздің құрылыс компаниямыздың басқарма басшысы Айдос Мұқатаев пен Олимпиада жүлдегері Дмитрий Карпов Геннадий Головкин атындағы алғашқы Даңқ жұлдызын ашты», - деп жазды құрылыс компаниясы.