Германияда жасөспірім жігіт қазақстандықты құтқарамын деп пойыз астына түсіп өлді

0
1 155

44 жастағы ер адам Қазақстан азаматы боп шықты


Германияда жасөспірім жігіт қазақстандықты құтқарамын деп пойыз астына түсіп өлді

ERNUR.KZ. Германияның Кобленц қаласында жасөспірім жігіт қазақстандықты құтқарамын деп пойыз астына түсіп өлді деп жазады sn.kz.

Оқиға 13 қараша күні болған. 17 жастағы жасөспірім пойыз рельсінде жатқан ер адамды көріп, жол жиегіне шығарады. Бірақ өзі аттап үлгермей, пойыз астында қалған.

44 жастағы ер адам Қазақстан азаматы боп шықты. Үй-күйсіз, қайыршы боп жүр екен. Ал жанындағы үндістандық досы дене жарақатымен ауруханаға түсті.