"Ғалам аруы" байқауын өткізушілер Қазақстан мен Қырғызстанды шатастырып алды

0
641

"Ғалам аруы" халықаралық байқауына Қырғызстан атынан 18 жастағы Алтынай Ботоярова қатысып жатыр.


ERNUR.KZ. АҚШ-та өткен "Ғалам аруы" халықаралық сұлулық байқауында ұйымдастырушылар қырғызстандық сұлуды бірнеше рет шатастырып, оның Қазақстаннан келгенін айтумен болды, деп жазады exk.kz.

"Ғалам аруы" халықаралық байқауына Қырғызстан атынан 18 жастағы Алтынай Ботоярова қатысып жатыр. Сұлулық сайысын ұйымдастырушылар оның таныстырылымы кезінде ел атауын дұрыс айтпағаны үшін Алтынай мен Қырғызстаннан кешірім сұрады.

"Біздің ұжым жақында Жаңа Орлеанда өткен іс-шара кезінде елдің атын қате айтқаны үшін Қырғызстаннан кешірім сұрайды. Біздің команда енді жұмысын тиянақты атқарып, жақсарта түсуге уәде береді", - делінген "Ғалам аруы" байқауының ресми парақшасында.

Айта кету керек, Қазақстан биыл аталған байқауға қатыспайды. Себебі елімізде топ жарған Диана Тәшімбетова "Ғалам аруы Қазақстан — 2022" атағынан айырылып қалған еді.