Ғаламторда Ақтауда үш бала сатылатыны жайлы жарнама жарияланған

0
1 834

Тіпті үш баланың суреті де салынған.


Ғаламторда Ақтауда үш бала сатылатыны жайлы жарнама жарияланған

ERNUR.KZ. OLX.kz сайтының сатылымдар бөлімінде Ақтауда үш бала сатылады деген жарнама пайда болды, деп жазады ҚазАқпарат.

Сайттың ақпаратына сүйенсек, хабарлама ұялы телефоннан 27 мамыр күні, 13:18-де салынған. Бірақ көрсетілген нөмір сөндірулі.

Хабарламаны жергілікті тұрғындардың бірі байқап қалып, сайттың редакциясына хабарлаған. Хабарламада үш бала арзан бағамен сатылатыны көрсетілген. Тіпті үш баланың суреті де салынған.

Сайттың хабарлауынша, полицейлер бейресми сұхбат кезінде әлдекім жай қалжыңдамақ болған шығар деп айтқан.

Осыдан біраз уақыт бұрын Шымкент тұрғыны арнайы қызметтердің жылдамдығын байқап көру мақсатында осы сияқты хабарлама берген болатын. Сонда құқық қорғау органдары ақпаратты жылдам тексеріп, ҚР Қылмыстық кодекстің 12-бабы («Адам саудасы») бойынша сотқа дейін тергеп-тексеру жүргізілген.