Ғалымжан Пірматов теңге бағамы туралы: Керек болса тағы интервенция жасаймыз

0
435

Төраға инфляцияны болжаған кезде теңгенің басқа валюталарға шаққандағы бағамын ескеріп отыратындарын айтты.


Ғалымжан Пірматов теңге бағамы туралы: Керек болса тағы интервенция жасаймыз

ERNUR.KZ. Сенат отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов теңге қатты құнсызданып кетсе, интервенция жасауға дайын екендерін айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Әрине, біз инфляцияны болжаған кезде теңгенің басқа валюталарға шаққандағы бағамын ескеріп отырамыз. Ұлттық банк қажет болған жағдайда, яғни доллардың теңгеге қатысты бағамы қысқа мерзімде қатты өсіп кетсе, интервенция жасауға құқылы. Керек болса, ондай интервенция жасаймыз. Естеріңізде болса, былтыр көктемде 1,5 млрд долларға интервенция жасадық. Сол былтырғы сәуір айынан бері интервенция жүргізген жоқпыз. Бірақ қажеттілік туса, тағы да интервенция жасаймыз», - деді Ұлттық банк басшысы.