Годунова бюджетті тек бір жылға жоспралауды ұсынды

0
551

Годунова бір жылдық бюджеттің пайдасына бірнеше маңызды факторды атады.


Годунова бюджетті тек бір жылға жоспралауды ұсынды

ERNUR.KZ. Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова Парламент палаталарының бірлескен жалпы отырысында бюджетті тек бір жылға жоспралауды ұсынды, деп жазады baq.kz.

Үш жылдық бюджеттің формальды күйінде қалғаны белгілі. Оны қалыптастыру үшін көп уақыт қажет. Орындау барысында тек бірінші базалық жыл нақтыланып, түзетіледі. Одан кейінгі жылдарды қарамаймыз да, - деді Годунова.

Наталья Годунова келесі кезеңге жоспарлау кезінде бұрын қолдау тапқан шығыстың бір бөлігі жаңа бюджеттен түсіп қалуы мүмкін екенін атап өтті.

Ал, нәтижесінде аяқталмаған нысандар пайда болады. Біздің ойымызша, бюджетті бір жылға жоспарлауды қайтару мәселесін көтеретін уақыт келді. Сонымен қатар шешімдердің үздіксіздігін қамтамасыз ету және бизнес пен инвесторлар қабылдаған міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қажет, - деді Наталья Годунова.

Годунова бір жылдық бюджеттің пайдасына бірнеше маңызды факторды атады.

Орта мерзімді перспективаға сапалы, егжей-тегжейлі жоспарлауға мүмкіндік бермейтін әлемдік экономикалық жағдайдың болжамсыздығы. Бір жылдық бюджет үш жылдық жоспарға ресми түрде байланбай, өзгеретін нарықтық жағдайларға икемді жауап беруге мүмкіндік береді. Ұзақмерзімді бағыттылық әрбір министрлікке ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін аса маңызды басымдықтар мен талаптар негізінде өз қызметін жоспарлауға мүмкіндік береді, - деді ол.