Головкин мен Канелоға ресми түрде рингке шығуға тыйым салынды

0
633

Бұл шара медициналық сипатқа ие.


Головкин мен Канелоға ресми түрде рингке шығуға тыйым салынды

ERNUR.KZ. 18 қыркүйекте таңертең Лас-Вегаста Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) мен Сауль «Канело» Альварес (58-2-2, 39 КО) арасында үшінші жекпе-жек өтті. Онда екінші орта салмақтағы әлем чемпионының барлық негізгі титулдары сарапқа салынды, деп жазады Sports.kz.

Айқас 12 раунд жалғасып, төрешілердің бірауыздан шешімімен Альварес жеңіске жетті. Бұл Головкиннің мансабындағы екінші жеңілісі. Бұған дейін ол 2018 жылы да «Канелодан» жеңілген болатын.

Невада штатының атлетикалық комиссиясы (NSAC) айқастан кейін екі қарсыласқа да шектеу қойып, белгісіз уақытқа дейін рингке шығуға тыйым салды. Бұл шара медициналық сипатқа ие.

Бұған дейін Головкинге міндетті қарсыласпен ресми айқас тағайындағаны белгілі болды.