Головкиннің алдағы жекпе-жегіне қатысты тың дерек шықты

0
893

DAZN қазақстандық боксшының келесі кездесуіне қатысты мәлімет берді


Головкиннің алдағы жекпе-жегіне қатысты тың дерек шықты

ERNUR.KZ. DAZN платформасының промоутері әрі басшысы Эдди Хирн қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің алдағы кездесуі туралы айтты, деп жазады sputniknews.kz.

"Баспасөзге берген мәліметінде, Эдди Хирн Головкинің алдағы жекпе-жегі туралы келесі аптада хабарланатынын айтты. Сонымен бірге, Андраде "Росадо — Сулецки" жекпе-жегінде жеңген боксшымен жұдырықтасып, WBO белбеуін қорғап қалуға тырысады", - деді Хирн, деп жазады Talksport.com.

DAZN Головкиннің келесі жекпе-жегі болуы мүмкін екі күнді болжады – 8 және 16 маусым. Ал Андраденің жекпе-жегі 22 маусымға жоспарланған.

Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын Геннадий Головкин "Канело" Альвареспен екі рет кездесті. 2017 жылы 16 қыркүйекте болған жекпе-жек теңбе-тең аяқталса, қарымта кездесуде қазақстандық сәтсіздікке ұшырап, барлық титулынан айырылып қалды.

Былтыр Головкин сонымен бірге IBF чемпиондық белбеуінен айырылып қалды. Мұның себебі – GGG украиналық Сергей Деревянченкомен жұдырықтасуға жазбаша келісімін бермеген.