Грузияда жоғалып кеткен алматылық жарты жылдан бері іздестіріліп жатыр

0
2 191

Бұған дейін Илья Пилпанидің анасы, баласы ұрланған болуы мүмкін екенін мәлімдеген еді.


Грузияда жоғалып кеткен алматылық жарты жылдан бері іздестіріліп жатыр

ERNUR.KZ. 13 жастағы алматылық Илья Пилпани Грузияда іздестіріліп жатқанына жарты жыл болды. Баланың анасы халықаралық іздеуден нәтиже болмағанын айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

Ксения Пилпани баласын іздеу әлі де жалғасып жатқанын, бірақ әзірге нәтиже жоқ екенін айтты.

"Грузия ішкі істер министрлігі жұмысын жалғастырып жатыр, бірақ іздер жоқ. Өзгерістер де. Іздеу тоқтамады", - деді Ксения Пилпани.

Бұған дейін Илья Пилпанидің анасы, баласы ұрланған болуы мүмкін екенін мәлімдеген еді. Осыдан кейін оған халықаралық іздеу жарияланды.

Еске салайық, 13 жастағы Илья Пилпани Грузияда 18 шілдеде таңертең үйден велосипедпен шығып, жоғаллып кеткен.

Илья Пилпани - Қазақстан азаматы. Ол Алматыдан Местийск ауданында (Сванети аймағы) тұратын әкесінің туыстарына қыста қонаққа келген. Алайда пандемияға байланысты үйіне қайта алмаған.