Грузиядағы қазақстандық қыздың өлімі: БАҚ тергеу құжатының көшірмесін жариялады

0
376

Тергеу Әсел Айтпаеваның өлімінен кейін 20 сағаттан соң жүргізілген.


Грузиядағы қазақстандық қыздың өлімі: БАҚ тергеу құжатының көшірмесін жариялады

ERNUR.KZ. Грузиялық БАҚ-тар Бесик Тордуаны тергеу құжатының көшірмесін жариялады. Ол қазақстандық Әсел Айтпаеваны зорлап, қол жұмсауға итермелегені үшін күдікке ілінген болатын, деп жазады Тengrinews.kz.

Басылым мәліметінше, Радио Свобода өкілдері Бесик Тордуаны тергеу құжатының көшірмесін алған. Тергеу Әсел Айтпаеваның өлімінен кейін 20 сағаттан соң жүргізілген.

"Тергеуде Тордуа қазақстандық кәсіпкерлермен сәуірдің басында "Казтрансавто" компаниясын құрғанын айтқан. Оның сөзінше, Әсел күйеу баласы Мұрат Мейірбековтің шақыруымен 27 сәуірде Грузияға кетіп, соның үйінде қалған. Ал 30 сәуірде, Тордуаның сөзінше, Әсел оны күйеу баласы екі рет зорлағанын, артынша Тордуа оның үйіне көшуді ұсынған. Әсел қатты уайымдап, бірнеше күн бойы бөлмесінен шықпаған. Ал 4 мамырда Әсел мен Тордуа төсек қатынасына түскен. Тордуа жуыну бөлмесінен шыққан кезде Әсел үйде жоқ болған", - деп жазды басылым.

Сонымен қатар, Бесик Тордуаның сөзі де жарияланған.

"Мен абдырап қалдым, себебі не болғанын түсінбедім. Балконға қарай жүгіріп, төмен қарап едім, Әселдің денесі жатыр екен. Ол абайсызда құлады ма, әлде өзі секірді ме - білмеймін. Қатты таңғалдым. Киіндім. Ойыма келгені - егер мен Әселмен төсектес болсам, демек бұл күдік тудыруы мүмкін. Төмен түскенімде Әселдің денесі дарбазаның ар жағында жатқандықтан өте алмадым. "Әсел" деп шақырмадым. Тек жақындап, оның көмек сұраған-сұрамағанын күттім. Екі минуттай тұрдым, бірақ ештеңе естімедім", - дейді ол.

Тордуаның сөзінше, ол содан кейін үйге қайтып, киімдерін жинап, Зугдидиге кетіп қалған. Ол марқұмға қоқан-лоқы көрсетпегенін, жаман сөз айтпай, ешқандай физикалық күш көрсетпегенін айтады.