Гүлшара Әбдіқалықова мен Нұрлан Әлімжанов Мәжіліс депутатының мандатын алды

0
922

Саяси кеңес Бюросының отырысында шешім қабылданды.


Гүлшара Әбдіқалықова мен Нұрлан Әлімжанов Мәжіліс депутатының мандатын алды

ERNUR.KZ. Партия Лидері Н.Ә. Назарбаевтың төрағалығымен өткен Саяси кеңес Бюросының отырысында Мәжіліс депутаттарының мандаттарын беру туралы шешім қабылданды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Партия Лидері Н.Ә. Назарбаевтың төрағалығымен өткен Саяси кеңес Бюросының отырысында «Nur Otan»-ның партиялық тізімі бойынша Г.Н.Әбдіқалықоваға, Н.Б.Әлімжановқа, Н.К.Әшімбетовке және Ж.Қ.Омарбековаға Парламент Мәжілісі депутаттарының мандаттарын беру туралы шешім қабылданды», делінген хабарламада.