IELTS сынағынан 5.5 және 5.0. ұпай алған талапкерлер ағылшын тілінен ҰБТ тапсырмауы мүмкін

0
523

Жалпы ҰБТ орташа балы 76 балды құрады.


IELTS сынағынан 5.5 және 5.0. ұпай алған талапкерлер ағылшын тілінен ҰБТ тапсырмауы мүмкін

ERNUR.KZ. IELTS сынағынан 5.5 және 5.0. сертификатын алған талапкерлер ағылшын тілінен ҰБТ тапсырмауы мүмкін. Бұл өзгерісті Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев айтып берді, деп жазады ҚазАқпарат.

Қазір де халықаралық сертификаты бар талапкерлер ҰБТ-дан босатылады. Бұл көбінесе IELTS/TOEFL емтихандарына байланысты, егер IELTS сертификаты 6 балдан жоғары болса, талапкерлерге автоматты түрде 45 балл беріледі.

«ҰБТ сертификатында ағылшын тілі бойынша ұпайлар көрсетілмейді. ЖОО-ның қабылдау комиссиялары білім беру гранттарын беру немесе ақылы негізде қабылдау өтінішін бергенде сертификаттардың растығы мен қолданылу мерзімін тексереді. Сертификаттың түпнұсқалығын тексерген соң бірден 45 балл беріледі. Ал қазір жаңа өзгерістер әзірленіп жатыр. IELTS сынағынан 5 және 5,5 балл алған талапкерлерге ҰБТ-да ағылшын тілі бойынша балл берілуі мүмкін», - Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев Орталық коммуникациялар қызметінде.

Айта кетейік, қаңтар айындағы ҰБТ-ны 123 мың адам тапсырды. Тестілеу қорытындысы бойынша 102 мыңға жуық талапкер шекті балл (50) жинады, бұл қатысушылардың жалпы санының 83%-ын құрайды. Ал 21 мыңнан астамы (17%) шекті балл жинай алмады.

Жалпы ҰБТ орташа балы 76 балды құрады. Ең жоғары балл – 139, оған Қазақстан бойынша 5 талапкер қол жеткізген.